banner

Алматыда балалар ойнайтын ауладан ер адамның мәйіті табылды

401

Алматыда полиция танысын пышақтаған 22 жастағы күдіктіні ұстады, деп жазады inbusiness.kz Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматыда балалар ойнайтын ауладан ер адамның мәйіті табылды Фото: almaty.tv

Оны аулада пышақтап кеткен.

Полиция мәліметінше, 15 наурызға қараған түні Самал-3 шағын ауданындағы балалар алаңқайының бірінен ер адамның мәйіті табылған.

Тәртіп сақшылары деректі Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. 

Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар ішімдікті бірлесіп ішкен. Содан кейін олардың арасында жанжал туындап, танысы 35 жастағы ер адамды пышақтап кеткен. Полиция қылмыстың ізін суытпай ашты. 2001 жылы туған Д. атты күдіктіні анықталып, қамауға алынды", - деп жазылған қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу