Алматыда цифрлық стартап негізін қалаушы 4 млн теңге өтеусіз грант ұтып алды

Жоба авторы бұл қаржыны қажетті техника сатып алуға жұмсамақ. 

Алматыда цифрлық стартап негізін қалаушы 4 млн теңге өтеусіз грант ұтып алды Фото: Алматы әкімдігі

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның аясында өтеусіз инновациялық грантты Алматы қаласының тұрғыны Саят Нұрлы ұтып алды. Жоба бойынша кеңес беру қызметін Qoldaý кәсіпкерлік орталығының менеджерлері көрсетті.

Алматылық әріптестерімен бірге Grafen (https://grafen.kz/) цифрлық өнімін әзірлеп шығарды. Ол жеке видеооқулықтарды жүктеуге және сатуға мүмкіндік беретін білім беру орталықтарына, компаниялар мен бизнесмендерге арналған бірегей платформа.

"Көптеген IT-жобалар сияқты платформа құру туралы ой пандемия кезінде туған болатын. Ол кезде өзімнен кіші інім екеуміздің оқыту орталығымыз бар болатын, көп ұзамай ТЖ режимінен соң және қашықтықтан жұмыс істеуге көшкеннен кейін бізге жедел түрде онлайн нысанына қайта көшуге тура келді. Бастапқыда біз ZOOM арқылы оқытып жүрдік, алайда, қолданбалардың шекті қызметтері біздің көңілімізден шықпады, ал нарықта біз қажетті платформаны таба алмадық. Осы сәтте, біз өзіміздің пайдалы өнімімізді ойлап табуды шештік", – дейді Саят Нұрлы.

Оның айтуынша, жобаны жасау кезінде халықаралық IT-компаниясымен ынтымақтастық тәжірибесі көп көмектескен. Креативті әзірлеушілер тез арада топ құрып, дайындық процессін бастап кетеді.

"Бізге алғашқы өнімді шығаруға және тестілік режимде жұмысты бастау үшін 1 жыл керек болды", – деп түсіндірді ол.

Сол кезде Саяттың інісі әрі серіктес әріптесі оған Qoldaý кәсіпкерлік орталығына жүгінуді ұсынған.

"Бұл күтпеген жағдай болды, біз мемлекеттік қолдауды іс жүзінде қалай алуға болатынын білмедік. Алайда, орталықтың қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді әрі бизнес-жоспар құру қызметін тегін көрсетті және көмектесті. Нәтижесінде біз жасаған жобамыз үшін қажетті техника сатып алуға 4 млн теңге ұтып алдық", – деді маман.

Бүгінде, ол құрған отандық платформаға 1 мыңнан астам белсенді пайдаланушы тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу