Алматыда ерекше балаларға арналған бірегей бағдарлама жұмыс істейді

491

Дамуында ерекшелігі бар балалар роликті конькимен, велосипедпен және атпен "Адаптивті сырғанау" бағдарламасына қатыса алады. 

Алматыда ерекше балаларға арналған бірегей бағдарлама жұмыс істейді Фото: inform.kz

Бағдарламаны толығымен Алматы әкімдігі қаржыландырады. Дәрісті Рioneer шаңғы базасында тәжірибелі нұсқаушылар өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Курс аутизм спектрінің бұзылысы, Даун синдромы, церебральды сал ауруы (балалардағы церебральды сал ауруы), ПСДК (психо-сөйлеу дамуы кешеуілдеген), ЖСТД (жалпы сөйлеу тілі дамымаған), зейін жеткіліксіздік және гиперактивтілік синдромы (СДВГ) және басқа да неврологиялық аурулары бар балаларға арналған. Балалар адаптивті сырғанау арқылы дәрі-дәрмексіз оңалады. 

10 жеке сабақты қамтитын бағдарламаны нұсқаушы жүргізеді, сөйлеуді, қозғалысты, мүсінді, иммунитетті үйлестіруді және ағзаның қалпына келу қабілетін жақсартуға көмектеседі. Әрі бұл курс ерекше балаларды қоғамға бейімдеуге және араласуға бағытталған. 

Бағдарлама 2017 жылдан бастап Алматы қаласы спорт басқармасының қолдауымен жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу