Алматыда контрафактілік шұлықтар тәркіленді

480

Мамандар оны балалар үйіне бермек болған. Алайда сараптамадан кейін олардың құрамында зиянды қоспалар бары анықталды. 

Алматыда контрафактілік шұлықтар тәркіленді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алмас Бекботаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Белгілі брендтің атын жамылып, заңсыз жолмен шығарылған шұлықтардың ірі партиясы тәркіленді. Шұлықтар тәркіленгеннен кейін іс сотқа жіберілді. Біз сотқа өнімді балалар үйіне немесе әлеуметтік мекемелерге беруді ұсынуды жөн көрдік. Сараптамаға сәйкес, контрафактілік өнімдердің адам терісіне қауіпті химиялық қасиеттері бар екені анықталды. Сот шешімімен өнімдер жойылды", - деді спикер.

Мамандар кез келген өнімді сатып алмас бұрын оның лицензиясын сұрау керек деп ескертті.

Алматы қалалық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Еркебұлан Жетпісбаев жалған өнімдердің ішінде Samsung брендінің сауда белгісі қолданылған өнімдер анықталғанын айтты. Сонымен қатар, тексерулер барысында алкоголь өніміне "Московская" сауда белгісін пайдалану кезінде заң бұзушылықтар анықталды. Сол кезде 1000-нан астам зат тәркіленген.

"Сот шешімімен кейін бұл контрафактілік өнімдердің барлығы жойылды", - деп хабарлады маман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу