Алматыда өндірістік ипотека іске қосылады

472

2023 жылы Алматыда өндірушілерге арналған ипотека іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда өндірістік ипотека іске қосылады Фото: egemen.kz

Бағдарлама игілігін шағын өндірістік парк құруға не сондағы белгілі бір аумақты сатып алуға ниеттілер көре алады.

Жоба "Алматы" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асады.

Болжам бойынша кәсіпкерге 7 жылға 500 млн теңге көлемінде несие беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі 70 млн теңгеге дейінгі қарыз үшін жылдық 2 пайызбен, 70 млн теңгеден асса жылдық 6 пайызбен беріледі. Шағын өндірістік парктен алынатын нысан кепілдікке қойылады.

Бұл өнім осылайша кәсіпкерлікті қорғау бағдарламасы бойынша банктерге ұсынылады. Алматыда қазір 8 өндірістік парк бар, тағы 11-і салынып жатыр. 2030 жылға қарай оның саны 100-ге жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу