Алматыда сейсмо жаттығу өтті

1042

Бүгін Алматыда дабыл қағылып, тұрғындар тегіс эвакуацияланды. Оның ішінде мектептер мен балабақша да бар. Бұл жалпы-қалалық сейсмо жаттығудың сценарийі.

Алматыда сейсмо жаттығу өтті

Негізгі жаттығу шаһардағы ойын-сауық орталығы маңында өтті. 

Алматыда дабыл қағылып, ойын-сауық орталығының ішіндегі барлық халық сыртқа шығып, қауіпсіз жерге жиналды. Төтенше жағдай қызметкерлері қайда не орналасқанын көрсетті. Қауіпсіз аймақта арнайы шатырлар да құрылды. Онда негізінен әкімшілік пункт, демалыс пен тамақтанатын орындар бар. Мамандардың сөзінше, жер сілкінісі кезінде ең бірінші кезекте сабыр сақтау қажет. 

"Қорқынышты жағдай болады екен. Денсаулық өзі сыр беріп, тырысып, қауіпсіз жер іздеп қашасың. Мына симулятор өте көрнекті көрсетті. Қандай жағдайда осындай қатты болатынын. Көріп отырсыздар менің үстіме шкафтар құлады. Ол кезде үрей тіпті қатты болады екен", дейді қала тұрғыны Рафаэль Сәрсенбаев.

Жаттығудың сценарий бойынша ғимараттан өрт шығып, төтеншеліктер сондағы халықты құтқаруға кірісті. Үйінді астында қалған адамдардың бары анықталды.   

"Қала бойынша басқа орындарда да осы оқу-жаттығу өтті. Басқа аудандарда адамдарды көлік және темір жол арқылы эвакуациялау пысықталған болатын. 12-02 + 12-22 Бүгінгі қалалық сейсмо жаттығуға 900 адам біздің қызметкерлер және де 80 техника жұмылдырылды", деді Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.а. Ерлан Әлбеков.

Бояуы кеппеген көліктермен ұйымдастырылған жалпы қалалық оқу-жаттығу жиынында абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Барлығы ойдағыдай өтті. Бір өкініштісі осы оқу-жаттығу жиынына қатысқан халықтың немқұрайлығы. Тағы бір қоса кетерлігі осындай іс-шаралар тек осындай оқу-жаттығуда өткізілсе екен. 

Арнат Дүйсен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу