Алматыда тасқыннан жапа шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек қабылдайтын пункт ашылды

496

Алмалы ауданының комьюнити орталығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда тасқыннан жапа шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек қабылдайтын пункт ашылды Фото: Алтынай Сағындықова

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының мәліметінше, гуманитарлық көмек келесі санаттарға бөлінеді:

  • азық-түлік; 
  • ауыз су; 
  •  дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар;
  •  киім (жылы киім, аяқ киім, іш киім, шұлық және т. б.);
  •  заттар (көрпе, ұйықтайтын қап, жастық және т. б.); 
  • тұрмыстық заттар (шатырлар, термостар, шамдар, қуаттағыштар, шәйнектер, балалар ыдыстары және т. б.);
  •  гигиеналық құралдар (жөргектер, әйелдер гигиенасы құралдары, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлықтар, дәретхана қағазы, тазартқыш заттар).

"Гуманитарлық көмек Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекенжайында қабылданады. Қабылдау уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін. Бүкіл ниет білдірушілер Алмалы ауданының комьюнити орталығына хабарласып, қажетті заттарды тапсыра алады. Байланыс нөмірі: +7 (747-82) 1-64-78; 7 747 540 01 40", - деп хабарлады қалалық жастар саясатының басқармасы.

Еске салайық, Мемлекет басшысы еліміздегі су тасқынына байланысты өткен кеңесте жағдайды қалыпқа келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдаумен қатар, жүйелі жұмыс қажет екенін айтты.  

Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендердің барлық шығыны өтелетінін мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу