Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болған

749

Оқиға "Самал-3" ықшам ауданы 25, "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінде болған. 

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болған Фото: видео скриншот

Алматыдағы тұрғын үй кешені күзетшісін қатігездікпен өлтірген оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға "Самал-3" ықшам ауданы 25, "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінде болған. Күзетшіні ұрып өлтірген ер адам полицейлер келгеннен кейін қашып кетпек болған. Содан кейін 14-қабатқа көтеріліп, терезеден секірмек болған. Полицейлер оны дер кезінде ұстады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға түсініктеме бере отырып, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, күзетші мен тұрғын үй кешенінің тұрғыны арасында жанжал туындап, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіге дене жарақаттарын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полицейлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу