banner

Алматыда ұшқышсыз басқарылатын құрылғы мен дронға қарсы кешен таныстырылды

Бұл әскери саладағы жоғары технологиялық отандық әзірлемелердің бір бөлігі ғана. 

Алматыда ұшқышсыз басқарылатын құрылғы мен дронға қарсы кешен таныстырылды

Ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар, дронға қарсы кешендер және виртуалды полигондар – бұл жүйелер мен технологиялар Digital Almaty-2023 "Жаңа шынайы цифрлық әріптестік" халықаралық форумы аясында еліміздің оңтүстік мегаполисінде өткен көрмеде таныстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Көрмеде азаматтың тұрғылықты жерін, әскери қызметке жарамдылығын, денсаулығын, отбасылық жағдайын және тағы басқаларын анықтай алатын цифрлы техника келушілер назарына ұсынылды. Бағдарламалық қамтамасыз ету жергілікті әскери басқару органдарын цифрлық трансформациялау шеңберінде әзірленді. Қазірдің өзінде бүкіл өңірде департаменттерге, басқармаларға және қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге енгізілді. Одан өзге бұл әскери комиссариаттарға әртүрлі мемлекеттік органдардың әскери міндеттілері туралы мәліметтерді жинақтауға мүмкіндік береді. 

"Ұсынылып отырған бұл ақпараттық жүйе жұмылдыру ресурстарын есепке алуды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта әскердегі көптеген процестер автоматтандырылған, қағазбастылық қысқарған және Қорғаныс министрлігінің азаматтарға қызмет көрсету түрлері едәуір жеңілдетілген", – деді Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев.

Көрмеде әскери саладағы жоғары технологиялық отандық әзірлемелер де ұсынылды. Qazdron компаниясы радиомен басқарылатын ұшқышсыз басқарылатын құрылғыны, Тactical Tech – виртуалды шынайы тактикалық жауынгерлік іс-қимылдың үдеткіші, Kaztechinnovations – дронға қарсы қолданылатын кешендерді көрсетті.

Форум аясында Қарулы күштерді цифрландыруға арналған талқылау ұйымдастырылды. Онда "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов, Түркияның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өкілі Зия Юсуф Чамоғлы, Elbit Systems C4i & Cyber израильдік компаниясының өкілі Әмір Зельднер және Thales Group француз компаниясының Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Мартин Ривет де Сабатие баяндама жасады.

Форумға қатысушылар осындай шаралар IT-технологиялар саласындағы қарым-қатынасты жандандыруға, ғылыми тұрғыда алмасуға ықпал етіп қана қоймай, елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін де арттырады деген пікірге келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу