Алматыда жол ережесін бұзған ресейлік блогер жауапқа тартылды

910

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. 

Алматыда жол ережесін бұзған ресейлік блогер жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Алматы қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Ресей Федерациясының азаматы, 21 жастағы Т. есімді азаматтың жауапқа тартылғанын хабарлайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 "Жергілікті Полиция қызметі басқармасының қызметкерлері оған қатысты бірнеше құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырды", – делінген хабарламада.

Хабарламаға сәйкес, блогерге әкімшілік құқық бұзу туралы Кодекстің 601-бабы 1-бөлігі бойынша (жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау), сондай-ақ  аталған Кодекстің 596-бабы 2-бөлігі (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) мен осы Кодекстің 591-бабы 1-бөлігі (Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейінгі шамаға арттыру) бойынша жауапқа тартылған.

Қазір Алматы қаласында жүрген ресейлік блогер бұған дейін парақшасында видео жариялап, көлігін рұқсат етілмеген жерге қойғаны үшін нөмірін шешіп алып кеткенін, "Мәскеуде мұндай нәрсе жоқ" екенін, алайда мұнда "ақшаға бәрін шешуге болатынын" айтқан болатын. Сондай-ақ видеода ол көлігімен қарсы бағытқа шығып, жол ережесін өрескел бұзғаны да анық көрінеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу