Алматыда жол талғамайтын көлікпен екі мопед соқтығысып, бір адам көз жұмды

172

Жол апаты 13 сәуір күні сағат 19:20 шамасында Төле би мен Шәріпов көшесінің қиылысында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда жол талғамайтын көлікпен екі мопед соқтығысып, бір адам көз жұмды Фото: бейнеден

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Алдын ала мәлімет бойынша, мопедтердің бірі көше қиылысында бағдаршамның тыйым салынған түсіне қарамастан шығып кеткен. Салдарынан 2003 жылы туған азамат сол жерде көз жұмды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу