Алматыдағы әскери институттың курсанты қатарласын байқаусызда атып алды

1307

Аталмыш оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Алматыдағы әскери институттың курсанты қатарласын байқаусызда атып алды

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға Құрлық әскерлері әскери институтында тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"20 шілдеде Құрлық әскерлері әскери институтында диверсияға қарсы қауіпсіздік жөніндегі оқу-жаттығу барысында курсанттардың бірінің қару ұстау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауының салдарынан автоматтан оқ оқыстан атылған", – деп хабарлады Қорғаныс министрлігінен.

Оқ екінші курсанттың аяғына тиген. Ол жедел түрде Алматы қаламының Әскери клиникалық ауруханасына жеткізілген. Қазір курсант сонда емделіп жатыр.

"Курсанттың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Оқыс оқиға туралы ата-аналарына хабар берілді. Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп қосты министрліктен.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу