Алматыдан 252 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

1106

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "ННЦСН және И" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 1 ақпан күні сағат 01:21-де жер сілкінісін (афтершок) тіркеді. 

Алматыдан 252 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді Фото: pixabay.com

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым қашықтықта - Қытай аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1.
  • Магнитудасы - MPV 4.6.

"Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) білінген жоқ", - делінген Алматы қаласы бойынша кезекші оператордың хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу