Мұндай заңсыздықты Алматы қалалық прокуратурасы анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жеке сот орындаушының заңсыз әрекеттері нәтижесінде борышкер өндіріп алуға жататын ақша қаражатына өз бетінше билік ету мүмкіндігіне ие болған. Бірақ өндіріп алушыға 35,6 млн теңге көлеміндегі ақша аударылмаған.
Сот үкімі бойынша жеке сот орындаушы ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабы 1-бөлігімен (жеке сот орындаушының өкілеттігін теріс пайдалануы) кінәлі деп танылды.
Сот оған жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу