Алтай ауданының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

470

Әкімдік Ленин ескерткішін жөндеуге қаржы бөлген.

Алтай ауданының әкімі өз еркімен қызметінен кетті Фото: https://www.instagram.com/

Шығыс Қазақстандағы Алтай ауданының әкімі Ернар Мұстафин өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Енді оның орнына Алтай ауданы әкімінің міндетін Ренат Құрмамбаев атқарады.

Ернар Мұстафин 2022 жылдың қыркүйек айында Алтай ауданының әкімі болып тағайындалған болатын. 

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиевтың айтуынша, аймақ басшысы Ермек Көшербаев бұл өтінішке қол қойды. Енді оның орнына Алтай ауданы әкімінің міндетін Ренат Құрмамбаев атқарады.

Ренат Тілеуханұлы 1980 жылы 25 қаңтарда Катонқарағай ауданында дүниеге келген. "Инженер-педагог" және "заңгер" мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1998 жылы Катонқарағай ауданы Жаңауыл орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Мемлекеттік қызметке алғаш рет 2003 жылы Катонқарағай ауданының жастармен жұмыс жөніндегі мәдениет бөлімінің бас маманы болып орналасты.

2019-2021 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі болып қызмет етті. Осыдан бір ай бұрын Алтай ауданы әкімнің орынбасары болып тағайындалған.

Естеріңзге сала кетейік, жуықта Алтай қаласының әкімдігі Ленин ескерткішін жөндеуге қаржы бөлген болатын. Жұмыс барысында ескерткіш қирап қалған. Кейін білгісіз біреулер қоршауға "Ленинді қайтарыңдар!" деп жазып кеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу