Altaynews.kz сайтының редакторы Дарын Нұрсапар қамауға алынды

2136

Шығыс Қазақстан облысының "Шығыс-Ақпарат" медиахолдингінің журналистеріне басшылық митингтерге баруға тыйым салған. Дегенмен, "Алтайньюс" сайтының редакторы Дарын Нұрсапар қаладағы төтенше жағдайларды жариялауды өзінің кәсіби борышы деп санаған.

Altaynews.kz сайтының редакторы Дарын Нұрсапар қамауға алынды

5 қаңтарда ол Өскеменде митинг түсірілімін жасап, өзінің Фейсбуктегі парақшасында видео жариялады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорына сілтеп.

Әріптестерінің айтуынша, 7 қаңтарда оның үйіне құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, алып кеткен. 9 қаңтарда сот шешімі шықты.

Дарын Нұрсапар ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, демонстрацияларға, шерулерге, пикеттеуге не өзге де жария іс-шараға қатысу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді) бойынша жауапқа тартылды.

Журналист 15 тәулікке қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу