"Алтын допқа" үміткерлердің тізімінде Месси жоқ

1196

Бұл марапат әлемнің ең үздік футболшысына беріледі. 

"Алтын допқа" үміткерлердің тізімінде Месси жоқ

France Football журналы маусым қорытындысы бойынша "Алтын допқа" үміткер 30 футболшының тізімін жариялады. Тізімде Лионель Мессидің аты жоқ, деп жазады inbusiness.kz Чемпионат-қа  сілтеме жасап. 

Есесіне тізімде Криштиану Роналду, Карим Бензема, Килиан Мбаппе секілді шабуылшылардың атын көруге болады. 

“Алтын допқа” үміткерлердің ішінде 2 қақпашы, 4 қорғаушы, 9 жартылай қорғаушы, 15 шабуылшы бар. 

Айта кетейік, “Пари Сен-Жермен”құрамасының шабуылшысы Месси бұл марапатты 7 мәрте иеленген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу