Америкалық инвесторлар қазақстандық он жобаны қаржыландырмақ

714

Оның төртеуі 2023 жылға дейін іске қосылады. 

Америкалық инвесторлар қазақстандық он жобаны қаржыландырмақ

Kazakh Invest ұлттық компаниясының мәліметтеріне сүйенсек, америкалық инвесторлар қазақстандық жобаларға 718 млн доллар қаржы құйған. 

"Қазіргі кезде отандық он жобаны жүзеге асыру үшін америкалық инвесторлар 718 млн доллар салды. Оның екеуі ауыл шаруашылығы саласында, екеуі машина жасау өнеркәсібі бойынша, тағы екеуі фармацевтика, біреуі ақпараттық технология, тағы бірі химия-металлургия бағытында",– деді ұлттық компаниядан. 

Аталған жобалар Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Шымкент қаласында іске қосылады.  Осылайша 2023 жылға дейін он кәсіпорынның төртеуі жұмыс істей бастайды. Ал қалған алты өндіріс кешенінің ашылу уақыты жуырда анықталады.  Аталған зауыттар толығымен іске қосылса 1,5 мың адам жұмыспен қамтылады. 

"Ал өзге мемлекеттерден келетін мамандар санын заң шеңберінде кәсіпорын басшылары бекітеді",– деді ұлттық компания мамандары. 

Жоспардағы он жобаның алтауы Қытай мен ТМД мемлекеттеріне өнім экспорттауға бағытталған. Атап айтсақ, шетелге ет, ханбалық, болаттан жасалған бөлшектер, суару жүйелерін шығару жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу