"Анама көмек керек": Алматыда 5 жасар бала көршілеріне хабарлама жіберіп, анасын құтқарып қалды

1349

Әйелдің қазіргі жағдайы әзірге белгісіз. 

"Анама көмек керек": Алматыда 5 жасар бала көршілеріне хабарлама жіберіп, анасын құтқарып қалды Фото: ВДПО

Алматыдағы Бостандық ауданында қайғылы оқиға орын ала жаздады. Бақытқа орай, бес жасар бала өзін нашар сезінген анасы үшін тұрғындарды дереу көмекке шақырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CMN басылымына сілтеме жасап.

19 сәуірде сағат 9:55-те Ален анасы Гүлмирамен 13-қабаттағы пәтерінде болған. Кенеттен әйел есінен танып, еденге құлаған. Сол сәтте бала анасының телефонын ашып, “көршілермен ортақ чатты тауып, дауыстық хабарламалар жіберген.

"Өтінемін, көмектесіңіздер, анам өлуі мүмкін. Дәрігерді шақырыңыздаршы", – дейді ол аудиожазбада.

"Солнечный квартал" тұрғын үй кешенінің тұрғындарының бірі жедел жәрдемді шақырды.

"Анасы оған бірдеңе болып қалса, қалай көмек шақыру керек екенін үйреткен. Көршілердің телефон қоңырауына бірден жауап беріп, барлық қажетті ақпаратты анық жеткізді. Тұрғындар дереу жедел жәрдем шақырған. Бала үрейленбеді, ол есікті ашып, бәрімізді қарсы алды ", – деді жергілікті ОСИ төрағасы Арман Әмірғалиев.

Дәрігерлер 10:22-де келді. Диспетчер мен көршілер де подъезде тұрған. Анаға алғашқы медициналық көмек көрсетіле бастады.

Дәрігерлер келгенде, Гүлмира көзін әрең ашты, есінен танып, сөйлей алмай қалды. Сол үшін оны ауруханаға апаруды ұйғарды. Осы кезде көршілер ересек қызына телефон соқты. Медициналық мекемеге ол анасымен бірге барды да, екінші қызы Аленмен қалды.

"Ол сондай тамаша бала. Анасы сауығып кеткенде, көршілер болып оған сыйлық алуды жоспарлап отырмыз. Ол бәрін дұрыс жасады. Елестетіп көріңізші, Ален, тіпті, дастархан жасап, бізге нан ауыз тигізгісі келді. Тоңазытқышты ашып, нан мен майды шығарып, бәріне шәй берді", – деп қосты ОСИ төрағасы.

Көршілері баланың төтенше жағдайға тез әрекет еткеніне сүйсінді.

Әйелдің қазіргі жағдайы әзірге белгісіз. Сондай-ақ оның қайда ауруханаға түскені туралы ақпарат жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу