"Аңсаған сәби" аясында СҚО-ға биыл 200-дей квота бөлінді

370

Солтүстік Қазақстан облысына "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында соңғы үш жылда 608 квота бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

"Аңсаған сәби" аясында СҚО-ға биыл 200-дей квота бөлінді Фото: inbusiness.kz

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы 174 солтүстікқазақстандық келіншек жүкті болды. Оның 114-і сәбиін бауырына басты. Туған сәбилердің 24-і – егіз.

"Биыл СҚО-ға 189 квота бөлінді. Тек қаңтар айында 131 отбасы келіп, жобаға қатысуға ниет білдірді. Қазір оның 27-сі дәрігерлер бақылауына алынды. Бағдарламаға бірнеше жыл қатарынан қатыса алады. Яғни, ешқандай шектеу жоқ. 
Біз енді шалғай ауылдардағы бала сүйгісі келетін жұптармен жұмыс істеуді қолға аламыз. Осыған дейінгі квоталардың басым бөлігі қала және қала маңындағы аудан тұрғындарына берілген болатын", – дейді облыстық перинаталдық орталықтың репродуктолог-дәрігері Виктор Проценко.

Өңірде бедеулік мәселесі өткір тұр, қазіргі уақытта 923 жұп есепте тұр.

Жалпы СҚО-да қаңтар айында 325 нәресте дүниеге келген, олардың 152-сі – қыз, 173-і – бала. Үшеуі – егіз.

Өткен айда дүниеге келген ең "алып сәбидің" салмағы 5080 грамм болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу