Әнші Димаш Құдайберген зілзаладан зардап шеккендерге көмектеседі

2013

Ол көмек ретінде концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін бөлуді жоспарлап отыр.  

Әнші Димаш Құдайберген зілзаладан зардап шеккендерге көмектеседі Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Танымал әнші Димаш Құдайберген жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әнші Түркия мен Сирияда және басқа да көптеген елде мыңнан аса адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаны ауыр қабылдаған.

"Қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін! Stranger әлемдік туры аясында менің концерттеріме билеттерді сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге көмек ретінде берілетінін хабарлаймын. Менің командам толық ақпаратты кейін DimashNews-те жариялайды", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу