АӨК қызметкерлері республика бойынша ең аз жалақы алады

554

Сектордағы қызметкерлер саны ең төменгі деңгейге дейін азайды.

АӨК қызметкерлері республика бойынша ең аз жалақы алады Фото: google.com

Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы жалақы Қазақстан бойынша ең төмен болып отыр. I тоқсанда айына орта есеппен 179,4 мың теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап. 

Бұдан бөлек балық шаруашылығы және аквамәдениет, сондай-ақ орман шаруашылығы және ағаш кесу секторы қызметкерлерінің республика бойынша орташа айлық жалақысы да ең төмен: сәйкесінше 120,6 мың және 143,8 мың теңге.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы, аң аулау және қызмет көрсету саласындағы ахуал салыстырмалы түрде жақсырақ: айына орта есеппен 180,9 мың теңге. 

Өз кезегінде АӨК саласындағы жалақының сатып алу қабілеті бір жылда 3,8%-ға артқан. 

АӨК саласындағы жалдамалы қызметкерлер санының қысқаруы жалғасып жатыр. Мысалы, биылғы І тоқсанында жұмыскерлердің тізімдік саны 65,8 мың адам болды. Бұл 2022 жылдың І тоқсанына қарағанда 1,9%-ға аз. Нақты саны – 58 мың адам.

Осы жылдың 5 айында АӨК саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 269,9 млрд теңгеге жетті (+34,6%).

Сектордағы инвестициялар көлемінің 98%-дан астамы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы, аң аулау және осы салаларда қызмет көрсетуге тиесілі: 264,9 млрд теңге.

Балық шаруашылығы және аквамәдениет саласындағы күрделі инвестициялар 4,9 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу