Апелляциялық сот Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша шешім шығарды

91

Сот бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.    

Апелляциялық сот Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша шешім шығарды Фото: smartnews.kz

Биыл 25 ақпанда Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы 33 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша жәбірленуші тараптың шағымын қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марқұмның туыстары істі қайта саралап, оның жұбайына тағайындалған жазаны қатаңдатуды сұраған болатын.

Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты айыпталушыға тағайындалған жазаны күшейтуді талап етті. Ал қорғаушы тарап, керісінше, үкімді жеңілдетуді сұраған.

Іс материалдарын зерделеген апелляциялық сот бұл қылмыс "Адам өлтіру" бабының талаптарына толық сәйкес келетінін атап өтіп, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың жазында Жетісу облысы Ақсу ауданындағы Баласаз ауылында болған. Отбасылық жанжал барысында ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан. Алған жарақаттары салдарынан әйелі көз жұмды.

Биыл 9 қаңтарда сот Айбар Жанболатты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу