Әрбір 10 теңгенің сегізі интернетпен аударылады

750

"Қаңтар оқиғасы" кезінде интернет өшіріліп, халық қолма-қол ақша таппай абдырады.

Әрбір 10 теңгенің сегізі интернетпен аударылады

Кейбір банк интернетсіз жұмыс істей бастаған соң жағдай тұрақталғандай болды. Елде былтырғы қаңтар-қараша аралығында карта немесе смартфоннан жөнелту арқылы 64,3 трлн теңге төлем жүргізіліпті. Бұл – барлық төлемнің 77,6%-ы. Ал 18,6 трлн теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеп.

Бұл орайда интернетпен төлем жүргізуде облыстар кенжелеп қалған. Республика бойынша интернетпен төленген әрбір 10 теңгенің алтысы астана, Алматы және Шымкент қалаларына тиесілі. Көш басында – Алматы.

Интернет аударымдардың 43,3%-ы (27,8 трлн теңге) сонда жүргізілген. Одан кейін Нұр-Сұлтан (7,7 трлн теңге) мен Шымкент (4,4 трлн теңге).