Әрбір үшінші мүмкіндігі шектеулі жан жеке көмекші қызметімен қамтылмаған

674

Мәжілістің жалпы отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы тағайындалатынын жариялады.

Әрбір үшінші мүмкіндігі шектеулі жан жеке көмекші қызметімен қамтылмаған Фото: inbusiness.kz

Министрдің мәлімдеуінше, қазір жәрдемақыны қолданысқа енгізуге қатысты дайындық жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Негізгі тұжырымдамалық жаңалыққа тоқталсақ, құжатта себебіне қарамастан, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрін енгізу қарастырылған. Қазіргі уақытта I топтағы 66 мың мүмкіндігі шектеулі жанның арасынан әрбір үшіншісі күтімі бойынша жәрдемақымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтылмаған. Олар басқаның көмегіне зәру, өз бетімен жүріп-тұра алмайтын адамдар", – деді Серік Шәпкенов. 

Министрдің айтуынша, заң жобасы сыртқы қамқорлыққа мұқтаж 24 мың адамды қосымша күтім бойынша жәрдемақымен қамтуға мүмкіндік береді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу