Мүмкіндігі шектеулі жанды Тараздағы пәтерінен шығарып жіберген

421

Прокурорлардың араласуынан кейін ғана оның құқығы қалпына келтірілді. 

Мүмкіндігі шектеулі жанды Тараздағы пәтерінен шығарып жіберген Фото: gov.kz

Таразда екінші топ мүгедегіне жетім ретінде баспана кезегі бойынша берілген 1 бөлмелі үйді тұрғын үй комиссиясы алып қояды. Балалар үйінің түлегі ауруына байланысты өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмаған. Оған алдымен жатақханада тұруға жарамсыз бір бөлме, одан кейін мемлекеттен пәтер беріледі. Алайда көп ұзамай одан қуылады, деп жазады inbusiness.kz Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Балалар үйінің түлегі 1994 жылғы Өтегенова, 2 топтағы мүгедегі, ауруына байланысты өз әрекеттері үшін жауап бере алмаған. Ол 2013 жылы үй сатушысына сенім артып, депозитте жинаған 1 млн теңге қаражатына жатақханада тұруға мүлдем тұруға жарамсыз 1 бөлмелі (суық, көгерген, жөндеу көрмеген, есігі жоқ) пәтерді сатып алған. Бөлменің жарамсыздығына байланысты Өтегенова өзінің таныстарымен бірге басқа жерде тұрған. Олардың көмегімен жоғарыда аталған 1 бөлмелі пәтерді  2019 жылы сатып жіберген. Сол жылы оған жетім ретінде кезек бойынша мемлекеттен "Бәйтерек" шағын ауданындағы жаңа тұрғын үйден 1 бөлмелі пәтер алған", - деп хабарлады құзырлы орган.

Бірақ та, оның меншігінде жатақханадағы 1 бөлмелі пәтердің болуын негізге алған тұрғын үй комиссиясы мүгедек қызды көшіру туралы атқарушылық іс жүргізуді қозғай отырып, оған жаңа құрылыстан пәтер беру туралы шешімді жойған.   

"Өтегенова ауруына байланысты құзыретті органдарға өз бетінше жүгіне алмаған. Сондай-ақ, оның жақын туыстары мен қамқоршылары да болмады. Оның қиын жағдайы туралы прокуратура органдарына атқару туралы өндірістерді талдау барысында белгілі болды. Прокуратура органдары  шұғыл түрде атқарушылық іс жүргізуді тоқтатып, дереу қадағалау актілерін енгізеді. Осылайша Өтегенованың тұрғын үй алуға конституциялық құқықтарын қалпына келтіру жөнінде дер кезінде шаралар қабылдады.

Алдымен Тараз қалалық сотының 2022 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен қыз ауруына байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылды. Одан соң қалалық әкімдіктің 2022 жылғы 28 наурыздағы қаулысымен оған қамқоршы тағайындалды. Жатақханадағы бөлмені сатып алу-сату мәмілелерін жасау кезеңінде ол өзінің іс-әрекетінің маңыздылығын және оның салдарын түсіне алмағандығы ескеріліп, сотқа оларды жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді", - деп хабарлады өңір прокурорлары.

Тараз қалалық сотының 2022 жылғы 11 қарашадағы шешімімен талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Бұл 2023 жылы 1 ақпанда тұрғын үй комиссиясының жаңа құрылыста бұрын берілген Өтегенованың пәтерін қайтару туралы оң шешім қабылдауға негіз болды. 

Мүмкіндігі шектеулі жанды пәтерден көшіру туралы шешім жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу