Армения-Әзербайжан шекарасында атыстар естілді

300

Армения Қарулы Күштері Әзербайжан әскери күштерінің позицияларын тағы да атқылады. Әзербайжан армиясы жауап қайтарды. 

Армения-Әзербайжан шекарасында атыстар естілді Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Әзербайжан Қорғаныс Министрлігі Әзербайжан армиясының Лачинск ауданындағы және Нахчыван АР-дағы позициясына оқ жаудырылғанын хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, Армения аумағынан түрлі калибрлі атыс қаруынан Лачинск ауданының Нар және Минкенд Садарак ауданының Гараагач елді мекендері бағытында оқ атылды.

"Әзербайжан армиясының бөлімшелері осы бағыттар бойынша тиісті жауап шараларын қабылдады.

Сонымен бірге, заңсыз армян қарулы күштерінің мүшелері Әзірбайжан армиясының Тартер, Ходжалин және Ағдам аудандарының бағытында орналасқан позицияларының алдында ұзақ мерзімді бекіністер орнатуға тырысты. Әзербайжан армиясының бөлімшелері қабылдаған шұғыл шаралардың нәтижесінде жұмыс дереу тоқтатылды", — делінген хабарламада.

Армения Қорғаныс министрлігі де екі рет Әзербайжан Қарулы күштері оқ атты деген мәлімдеме жасады.

Ведомствоның мәліметінше, 21 тамызда сағат 06:10 шамасында Әзербайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері Хнацаха учаскесінде орналасқан армян позициялары бойынша атыс қаруынан оқ жаудырды.

"Сағат 09:50 - де Әзірбайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері Верин Шорж аймағында орналасқан армян позициялары бойынша әртүрлі калибрлі атыс қаруынан оқ жаудырды", - деп хабарлайды Армения Қорғаныс министрлігі.

Армения тарапынан бір сарбаздың қайтыс болғаны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу