Армения Минскіде қабылданған ҰҚШҰ құжаттарына қосылу мәселесін қарастыруға ниетті

333

Алайда, Армения тарапы ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшыларының өткен жылғы саммитіне қатысқан жоқ. 

Армения Минскіде қабылданған ҰҚШҰ құжаттарына қосылу мәселесін қарастыруға ниетті Фото: пресс-служба ОДКБ

Ереван Минскіде өткен ҰҚШҰ отырысында қабылданған құжаттарды талқылауға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Армения осы құжаттарға қатысты қосылу мәселесін қарастырады", - деп мәлімдеді Армения СІМ баспасөз хатшысы Ани Бадалян.

Бұған дейін, Беларусь Сыртқы істер министрі Сергей Алейник саммиттен кейін ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ереванға барып, қабылданған шешімдерді армян серіктестеріне жеткізетінін айтқан.

Еске сала кетейік, 23 қарашада Минскіде ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшыларының саммиті өтті. Оған армян тарапы қатысқан жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу