Аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сатумен айналысқан Ақтөбе тұрғыны ұсталды

350

Ол қылмыс үстінде ұсталды. 

Аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сатумен айналысқан Ақтөбе тұрғыны ұсталды Фото: el.kz

Ақтөбе қаласының тұрғыны аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сатумен айналысқан, деп жазады inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп Есірткі және психотроптық заттарды аса ірі көлемде сақтау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткінің түрлерін, оның ішінде синтетикалық есірткілерді аса ірі көлемде сатумен айналысқан Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталды.

"Ол қылмыс үстінде ұсталып, тұрғылықты жерінде тінту жұмыстары жүргізіліп, одан "Alfa-PVP" синтетикалық есірткі заты; кокаин және каннобиноидты топтың есірткі заттары табылып, тәркіленді. Аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу