Әскери қызметшілердің несие төлемдері кейінге шегерілді

651

Мерзімді әскерилердің несие төлейтін уақыты кейінгі шегерілді. 

Әскери қызметшілердің несие төлемдері кейінге шегерілді Фото: inform.kz

Мұндай мүмкіндікті 3 мың 500 қорғаныс қызметшісі пайдаланды. Олар міндетін атқарып біткен соң, несие төлемін жалғастырады. Алайда алдымен бір ай жұмысқа тұруға мүмікіндік қарастырылған. Ал 5 мың 500 әскеридің несиесі мүлде тоқтатылды. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің сөзінше, мұндай шара азаматтардың еш алаңсыз борышын өтеу үшін жасалған. 

"Мерзімді қызмет сарбаздарында тұтынушылық несиелер, микронесиелер, микрозаймдар бойынша төлемдерді 13 айға кейінге қалдыру мүмкіндігі бар. Яғни, 12 ай әскери қызмет өткеру мерзімі болса, ал 1 ай олардың жұмысқа орналасып, несиелері бойынша төлемді жалғастыру үшін беріледі", дейді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев. 

Енді әскерге шақырылатындарға автоматты түрде смс келеді. Бұл хабарламаны заң талаптарына сәйкес 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар алады. Олар жайындағы мәліметтер мемлекеттік деректер базасында тұр. Сондықтан ешбір құжаттарын талап етпестен, борышын өтеуге шақырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу