Астана - Шарджа авиарейсі тағы да кейінге қалдырылды

625

Астана - Шарджа авиарейсі тағы да кейінге қалдырылды

Шарджаға (БАӘ) ұшуды жоспарлаған жолаушылар  елорда әуежайында қонақ үйлерге қайту үшін қол жүктерін күтіп отыр. Астана - Шарджа рейсі тағы да кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Air Arabia әуе компаниясының өкілі Гүлмира Ахметованың түсіндіруінше, екі мәрте кейінге қалдырылған Астана - Шарджа рейсінің аттануы 7 қаңтарда сағат 17:00-ге жоспарланған. Оның айтуынша, қазіргі уақытта экипаж бен техника әуе кемесінің дайындығын тестілік режімде тексеруде. "Жолаушылар қонақ үйлерге орналастырылады. Ниеті барлар билеттерін 8 қаңтарға ауыстырып алуларына болады", - деді Г.Ахметова.

Еске сала кетсек, Астана - Шарджа рейсі 6 қаңтарда екі мәрте ұшып кете алмады. Бірінші жолы ұшақтың есігі қатып қалып ашылмады, кейіннен қозғалтқыштағы ақау ұшуды тоқтатуға себепші болды. Қазіргі уақытта жолаушылардың кідіруі бір тәуліктен асып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу