Астана тұрғындарының шашамен 85%-ы медициналық сақтандырылған

253

Елорда бойынша соңғы үш жылда денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есе (2019 жылдағы 104 млрд— 205 млрд теңгеге дейін) өсті, сәйкесінше адам басына кететін шығын да 89 мыңнан 181 мыңға дейін артты. 

Астана тұрғындарының шашамен 85%-ы медициналық сақтандырылған Фото: inbusiness.kz

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" елордалық филиалының директоры Ербол Бекмұхамбетов соңғы 10 айдың қорытындысымен таныстырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, 1 млн 376 мың 528 қала тұрғындарының 85,6%-ы, яғни, 1 млн 123 мың 297 адам сақтандырылған. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККБК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) бөлінетінін қаражат соңғы жылда 10,6%-ға, дәлірек айтсақ 240 млрд 765 млн теңгеден (2022 жыл) 269 млрд 343 млн теңгеге дейін өсті. Қаржыландырудың өсуі жедел жәрдем қызметі (20%), медициналық-санитарлық қызмет (21%), стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек (18%-ға), жоғары технологиялық көмек (17%-ға), қанды және оның бөлшектері мен жергілікті ұйымдарға арналған дәрі-дәрмек өндірісі (16%) есебінен ұлғайтылды", — деді Ербол Бекмұхамбетов.

Астанада МӘМС-ті енгізу нәтижелеріне келер болсақ, соңғы үш жылда денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есе (2019 жылдағы 104 млрд — 205 млрд теңгеге дейін) өсті, сәйкесінше адам басына кететін шығын да 89 мыңнан 181 мыңға дейін артты. Қосымша қаражат көлемі бұрын ақшалай тапшылықтан туындаған мәселелерді шешуге жұмсалды, мысалы, жоғары технологиялық көмек (кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология және т.б.) қаржыландыру көлемі 3 есе артты. Сондай-ақ, оңалту шараларына бөлінетін ақша 4 есе, адам басына шаққандағы консультациялық-диагностикалық көмекке берілетін қаржы көлемі 9 есе (3,3 млрд теңгеден 29 млрд теңгеге дейін) артты.

2023 жылы Астана қаласы бойынша филиал 172 мердігермен 172 келісімшартқа отырды. Олардың ішінде 39 немесе 23%-ы мемлекеттік, 133 ұйым не 77%-ы жекеменшік ұйымдар. Сонымен қатар, қорға осы жылы 3975 өтініш келіп түсті. Ал алдыңғы жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 3523-ті құрады. Елорда тұрғындары көбінесе зертхана нәтижелерінің ұзақ шығуына, учаскелік қызмет пен консультациялық-диагностикалық көмектің көрсетілмеуіне шағымданған. Филиал соңғы он ай мониторингі нәтижесінде 2 млрд теңге сомасына түрлі ереже бұзушылықтарды анықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу