Астанада екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр

289

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ. 

Астанада екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр Фото: Бейнежазбадан

Астанада екі қабатты ангар өртеніп жатыр. ТЖМ құтқарушылары оқиға орнында жұмыс істеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осы сәтте Астана қаласының Алматы ауданындағы Ақжол даңғылы бойында орналасқан ангар үлгісіндегі екі қабатты ғимаратта шыққан өртті елордалық ТЖМ құтқарушылары сөндіріп жатыр. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ангар үлгісіндегі екі қабатты ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны және қою түтін байқалған", – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу