Астанада Есіл ауданының әкімі тағайындалды

1192

Бұл лауазымға 42 жастағы Дарменияр Қыдырбекұлы кірісті.  

Астанада Есіл ауданының әкімі тағайындалды Фото: gov.kz

Астанада ҚР Президенті Әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Есіл ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Бұл лауазымға 42 жастағы Дарменияр Қыдырбекұлы кірісті. Ол 4 жылдан астам уақыт Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еңбек жолын 2006 жылы "Мүлһин" Қоры" қоғамдық бірлестігінде бастаған. Әр жылдары қоғамдық және жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

29.08.2012 - 06.02.2013 жылдар аралығында "Жетісу ӘКК" ҰК" АҚ (Талдықорған қ.) басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

07.02.2013 -18.03.2013 жылдар аралығында Талғар ауданы (Алматы облысы, Талғар қаласы) әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді.

18.03.2013 - 15.11.2019 жылдар аралығында Талғар ауданы әкімінің орынбасары (Алматы облысы, Талғар қаласы) болды.

2019 жылғы 19 қарашадан бастап – Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу