Астанада Kaspi Bank бөлімшесіне шабуыл жасаған ер адам 7,5 жылға сотталды

450

Ол адамдарды кепілге алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Астанада Kaspi Bank бөлімшесіне шабуыл жасаған ер адам 7,5 жылға сотталды Фото: inbusiness.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Kaspi Bank бөлімшесіне шабуыл жасаған Алихан Мурадовқа қатысты үкім шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

Сотталушы екi немесе одан да көп адамды пайдакүнемдiк мақсатта кепілге алғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Сот Алихан Мұрадовты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтей отырып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын" , - деді судья Әбинұр Қарабаев.

Жазаны өтеу мерзімі үкім шығарылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

"Сот сараптамаларын жүргізгені үшін Мурадовтан 90 230 теңге сомасында іс жүргізу шығындары және жәбірленушілерге өтемақы қорына төлем ретінде 20 АЕК (69 мың теңге) мөлшерінде сомма өндіріп алынсын", - делінген сот үкімінде.

Сот Алихан Мұрадовтың кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп тапты.

Айта кету керек, 18 маусым күні Астанадағы Kaspi.kz бөлімшесіне қарулы адам шабуыл жасағанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу