Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының фестивалі өтеді

1450

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының фестивалі өтеді

9 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің "Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы" атты фестивалі өтеді.

Фестивальде Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мың бала" және "Қайырымдылық керуені" атты жалпыреспубликалық жобалары қорытындыланып, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген этномәдени бірлестіктердің көркемөнер және кәсіби ұжымдарының театрланған, вокалды-хореографиялық қойылымдары мен композициялары, музыкалық-аспаптық шығармалары, спортшылардың өнер көрсетулері және басқа да қойылымдар ұсынылады, делінген "Қоғамдық келісім" РММ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Іс-шараға Ассамблеяның мүшелері мен ардагерлері, барлық өңірлерден келген республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ-дың басшылары, ЖОО-ның ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы және студенттер қауымы, БАҚ өкілдері қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу