Астанада қоғамдық мүлікті бүлдірген 89 адам қамалды

186

Бас қалада жыл басынан бері қоғамдық мүлікті бүлдірген 143 адам анықталған.  

Астанада қоғамдық мүлікті бүлдірген 89 адам қамалды Фото: zakon.kz

Соның 89-ы қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Polisia.kz хабарлауынша, ғимараттар мен өзге де құрылыстарды, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын орындарды қорлағаны үшін 77 тұлға анықталып, оның 51-іне әкімшілік қамау жазасы қолданылды.

"Қоғамдық орындардың тазалығы мен санитариялық жағдайын сақтау бағытында ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға байланысты 928 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Полиция рұқсатсыз салынған жазулар мен граффитилерді анықтау және жою бойынша да кешенді жұмыстар жүргізуде", – делінген ақпаратта.

Бүгінде 159 граффити фактісі анықталып, оның 128-і боялып, бастапқы қалпына келтірілді. Есірткі тақырыбындағы граффитиге ерекше назар аударылуда.

"Smart Astana" қосымшасы мен "Есірткіге жол жоқ" ақпараттық сервисі арқылы келіп түскен хабарламалар негізінде 151 есірткі граффитиі анықталып, жойылған.

Астана қаласының әкімі көпшілікті қоғамдық мүлікті ұқыпты қарауға үндеп, әлеуметтік желіде арнайы жазба жазды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу