Астанада мүгедектер мен қарттар үшін Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді

1295

Астанада мүгедектер мен қарттар үшін Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді

Заманауи Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2016 жылдың 1 сәуірінде үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін біріктіру арқылы құрылды, деп хабарлайды Астана қаласының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы.

"Орталықтың қызметі мүгедек балаларға, мүгедектерге үй жағдайында және өз-өздеріне қызмет көрсету қабілетінің бір бөлігін жоғалтқан және өзге адамдардың көмегін қажет ететін егде жастағы азаматтарға көмек көрсетуге және оларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетуге бағытталған", – деп хабарлайды басқарма.

Осы ретте айрықша қажеттіліктері бар балалардың даму жағдайын жақсарту үшін және оларға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында 2016 жылдың қыркүйегінде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған, сыйымдылығы 90 адамға есептелген Астана қаласы әкімдігінің "Балалардың психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" КМК құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу