Астанада науқас анасын өз қолымен өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

305

Айыпталушы науқас анасын тұншықтырып өлтіріп, кейін оны өзіне қол жұмсағандай етіп көрсетуге тырысқан.  

Астанада науқас анасын өз қолымен өлтірген ер адам 11 жылға сотталды Фото: kt.kz

Астана тұрғыны 2025 жылы шілде айында жедел жәрдем шақырып, анасының жағдайы күрт нашарлағанын хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дәрігерлер келген кезде егде жастағы әйелдің қайтыс болғанын анықтайды. Марқұм науқастанып ұзақ уақыттан бері төсекке таңылып жатқан. Алайда тексеру барысында оның мойнынан көгерген іздер табылып, өлімнің тұншықтыру салдарынан болғаны белгілі болды.

Бастапқыда ер адам анасы сырқатына байланысты өзін-өзі өлтіруге әрекет жасағанын, ал өзі оны құтқармақ болғанын айтқан. Алайда көршілері мен таныстары оның еш жерде жұмыс істемей, анасының зейнетақысымен күн көргенін, ішімдікке әуес болғанын және жанжалға бейім екенін жеткізді. Тергеу мен сараптамалар барлық мәліметті растады.

Нәтижесінде сот оны адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу