Астанада пәтерлер мен жер учаскелерін төмен бағада ұсынған алаяқ сотталды

147

Ол жәбірленушілерден ірі мөлшерде мөлшердегі қаражат алған соң, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.  

Астанада пәтерлер мен жер учаскелерін төмен бағада ұсынған алаяқ сотталды Фото: Depositphotos.com

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден аса залал келтіргенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, алаяқ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті төмендетілген бағамен сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Жәбірленушілерден ірі мөлшерде ақша қаражатын алған соң, ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

"Жәбірленуші кінәлі тұлғаға жер учаскесін төмен бағамен сатып алу және ұлттық компанияға жұмысқа орналастыру үшін 7 млн теңге берген. Алайда сотталушы өз уәдесін орындамаған. Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден аса залал келтіргенін анықтады", – делінген хабарламада.

Сот үкімімен оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу