Астанада сайлау күні 25 сәби өмірге келді

286

Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесіне жіті көңіл бөлінеді.  

Астанада сайлау күні 25 сәби өмірге келді Фото: turkystan.kz

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді. Олардың 14-і – ұл бала, 11-і – қыз бала.Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әрбір отбасы үшін баланың дүниеге келуі – ең маңызды әрі көптен күткен сәттердің бірі. Бұл күн елордадағы 25 отбасы үшін ерекше күнге айналды. Қаладағы босандыру ұйымдарының дәрігерлері мен медицина қызметкерлері болашақ аналар мен жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы қажетті медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда", – деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.

Астанада ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінетіні айтылды. 

Айта кету керек, бұған дейін Шымкентте Құрылтай сайлауы күні 51 нәресте дүниеге келгенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу