Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды

143

Бұл қызметке "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының экс-орынбасары Жанасыл Шаукентаев келді.

Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды Фото: gov.kz

Астанада Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2014 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарды. Қаланың Жер қатынастары басқармасы, қала әкімінің аппараты, қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және т.б.

Соңғы жылдары "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу