Астанада жаңа бизнес-идея грант алуға өтінім қабылдау басталды

1160

Мемлекеттік грант негізде 5 млн теңгеге дейін ақша береді.

Астанада жаңа бизнес-идея грант алуға өтінім қабылдау басталды Фото: inbusiness.kz

Елордада шағын бизнес субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін конкурстық негізде бес миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант бөлінеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

Конкурсқа 3 жылға дейінгі ЖК және экономиканың басым секторлары аясында қызметін жүзеге асыратын республикалық тізілімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Құжаттар Kezekte.kz платформасында онлайн режимінде қабылданады.

Өтінім беру үшін мыналарды ұсыну қажет:

1) өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама;2) ескіру мерзімі 3 жылдан аспайтын "Бизнес бастау" сертификаты;3) грант сомасының кемінде 20%-ы бар банктен үзінді көшірме;4) дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама.

Өтінімдер 2023 жылғы 7-16 тамызды қоса алғанда қабылданады.

Қосымша ақпаратты Астана Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сайтынан немесе мына телефон нөмірлері арқылы алуға болады: +7 (7172) 55-69-21; +7 (7172) 55-69-03; +7 (7172) 55-69-10.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу