Астанада журналисті өлтірді деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды

956

Тілшінің артында үш ұлы мен бір қызы қалған. 

Астанада журналисті өлтірді деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды

Астанада Ирина Бекетова есімді журналисті өлтірді деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Журналистің өлімі туралы әлеуметтік желіде әріптестері хабарлады. Олардың айтуынша, тілшінің соңында үш ұлы мен бір қызы қалған. 

"Бүгін әріптесіміз әрі жақын араласқан досымыз Ирина Бекетовадан айырылып қалдық. Артында аңырап үш ұлы және бір қызы қалды. Өкініштісі, Ира әлі жас еді, балалары қанаттанбаған сары ауыз балапан секілді тым кішкентай, тұла бойы тұңғышы Өмірзақ болса, мүгедек, Ақылбегі енді ғана екінші сыныпқа көшті, Жансаясы мен Жанболаты енді үштен асқан, балабақшада", – деп жазады Иринаның әріптестерінің бірі. 

Көп кешікпей Астананың құқық қорғаушылары күдіктінің ұсталғанын мәлім етті. 

"Астана қаласының құқық қорғаушылары 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол кісі өліміне әкеп соққан, қасақана түрде ауыр дене жарақатын салу күдігіне ілініп отыр. Күдіктіні қолға түсіру үшін барлық шаралар жүргізіліп, қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу