Астанада жыл соңына дейін 9 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

443

Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада жыл соңына дейін 9 жаңа мектеп пайдалануға беріледі Фото: Астана қаласының әкімдігі

"Білім ошақтарының құрылыс барысымен таныстым. Жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Жыл соңына дейін ашылатын мектептерді ескерер болсақ, тапсырылатын жайлы мектептердің жалпы саны 17 болмақ. Мәселен, қыркүйек айында 15 мектеп аштық. Олардың тоғызы – "Жайлы мектеп" жобасы аясында. Жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашамыз, оның сегізі – ұлттық жоба аясында. Осылайша, тоғыз жаңа мектеп екі ауысымда тағы 30 мыңнан астам оқушы орнын құрады. Бұл оқу орындары тағы 4 мектепте үш ауысымды оқыту, 3 мектепте тығыздылығы жоғары режимі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Біз сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына жеке инвестициялар да тартамыз", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу