Астаналық полицейлер үйсіздерді аяздан құтқаруда

732

Астаналық полицейлер үйсіздерді аяздан құтқаруда

Полиция инспекторлары тұрақты мекенжайы жоқ 65 азаматты әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ауа райының қолайсыздығы мен температураның күрт төмендеп кетуіне байланысты Астана ІІД жергілікті полиция қызметі көшеде қалған тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалардың аязда тоңып қалмауына және басқа да қайғылы жағдайлар орын алмасы үшін көшелерді күзету шарасын қолға алды", - делінген хабарламада. 

Қала полицейлері өзінің жеке көлігімен де, қызметтік көлікпен де үйлеріне дейін 218 ересек адам мен 33 кәмелет жасына толмағандарды үйіне дейін жеткізіп салып, ата-аналарына табыс еткен. 

Ал "Шеп" қоршау бекетінде ірі жүк көліктері мен қоғамдық транспорттардың (қалааралық байланыс) қаланың сыртына шығуына шектеу қойылды. 

Мұнда жылыту пункттері ұйымдастырылып, ыстық шай мен алғашқы медициналық көмек беретін қажеттінің бәрі қарастырылды. Бекетте қала маңындағы елді мекеннен қатынайтын көліктерге мониторинг жасалуда. Жол полиция инспекторлары 144 автотранспортты шығарып салып, көмектесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу