Астананың коммуналдық қызметтері тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшірілді

972

Астананың коммуналдық қызметтері тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшірілді

Астанада екінші күн қатарынан бұрқасын басылмай тұр. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуге көшті, деп жазады astana.gov.kz.

Бүгін "Астана Тазалық" ЖШС-інен қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына 228 жол жұмыскері шығып, 344 арнайы техника тартылды. Кеше ғана қала аумағынан 40 435 текше метр қар шығарылып, 514,50 текше метр құм-тұз қоспасы себіліп, 26 тонна "Айсмелт" реагенті пайдаланылды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін  қар жауып, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -7…-9 градус, түнде -13  -15 градус болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу