"Ата-анадан қорықпасаңдар да, құдайдан қорқыңдар!": Ақтөбелік бір топ ата-ана балабақшада балаларды ұрды деп шағымданды

479

Полицейлер мән-жайды анықтап жатыр. 

"Ата-анадан қорықпасаңдар да, құдайдан қорқыңдар!": Ақтөбелік бір топ ата-ана балабақшада балаларды ұрды деп шағымданды Фото: The Jizn

Ақтөбелік ата-аналар жеке балабақшалардың бірінде болған жайт туралы жанайқайын әлеуметтік желіге жариялаған.

"Тілі толық шықпаған, не болғанын түсіндіре алмайтын сіңлімді көгала қойдай етіп ұрған. Бейнекамера жоқ асүйге 5-6 сағатқа қамап қойған. Сөйтсек, жалғыз ол емес екен денесі көгеріп келіп жүрген, ондай  біраз жағдай болған балабақшада.  Біз құлап қалып, денесін ұрып алған деп ойладық. Енді бәріне көз жұмып қарамаймыз! Бәрінің сұрауы бар, тексертеміз! Ата-аналар арыз жаздық!" делінген  әлеуметтік желіде жарияланған жазбада.

Облыстық полиция департаменті ата-аналардан шағым түскенін растады. Қанша адам арызданғанын нақтыламады. Полицейлердің айтуынша, мектепке дейінгі мекемеге баратын балалардың ата-аналарының өтініші бойынша №2 қалалық полиция бөлімімен Қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тексеру басталған. 

Тексеру шеңберінде ата-аналардың барлық дәлелдері тексерілетін болатынын айтты. Ақтөбе қалалық білім бөлімінің хабарлауынша,  жеке балабақша мемлекеттік тапсырыс негізінде қызмет көрсетінін де жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу