Атырау облысындағы Жангелдин ауылында із-түссіз жоғалған бір үйдің екі адамы әлі іздестіріліп жатыр. Олар марқұм ерлі-зайыптының балалары – Наурыз бен Мирамгүл, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Qazaq AIRAN" редакциясының журналистері Атырау облысындағы Жангелдин ауылына барды. Марқұм Мақсот Қарабалиннің туған қарындасы Әдемі Шылмағамбетова Наурыз Мұқанғалиевпен хат алмасуы туралы айтып берді.
"Арыз жазып не дүрліктіріп жатсыз? Өзімізде проблема аздай. Пайдаларың тимесе де, зияндарыңызды тигізбеңіздерші. Босқа көмектесе алмайсыздар, мысқылдап күлесіздер. Пайдаларыңнан зияндарыңыз көп екен. Өз ата-анама өзім жауап берем. Шаруаларыңыз болмасын жарар, үйленіп алдым. Тыныш өмір сүргізбедіңіздер жан жақтан. Банктен бір іздейді, полиция бір іздейді. Дұшпан екенсіңдер", – делінген Наурыз Мұқанғалиевтің телефон нөмірінен тәтесіне 27 желтоқсанда жіберілген хатта.
Марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев Наурыз Мұқанғалиев туралы пікір білдірді.
"Наурызбен кішкентайынан бірге өстік. Әкесіне немесе анасына зиян келтіретін адам емес Ауылдың кез келген азаматынан Наурыз жайлы сұрайтын болсаңыз, ол туралы ешқандай жаман ой айтпайды. Себебі Наурызды кішкентайынан біледі. Үйінің жалғыз баласы ғой. Осы күнге дейін ешкімнің ала жібін аттап, біреуге қарыз болған адам емес. Біреуге барып, зиян келтірген адам емес. Өзімен өзі өмір сүріп жүрген адам. Аузың ашса, жүрегі көрінетін адам ғой", – деді ол.
Айта кету керек, бұған дейін Атыраудағы оқиғаға қатысты күдіктінің әкесі ұлының жазықсыз екенін айтқанын жазғанбыз.
Атырауда із-түссіз жоғалған бір үйдің екі адамы әлі іздестіріліп жатыр.