"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚҚС мөлшерлемесін 12-ден 10%-ға дейін төмендетуді ұсынды

221

Бұл шара салық жинауды арттыруға, ақша қаражатының көлеңкелі ағындарын азайтуға, демек, экономиканың өсуін жеделдетуге мүмкіндік береді. 

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚҚС мөлшерлемесін 12-ден 10%-ға дейін төмендетуді ұсынды Фото: Inbusiness.kz

Салықтың өсуі, керісінше, тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеп соғады. Халықтың сатып алу қабілеті мен тұтынушылық сұраныс төмендейді. Ең бастысы, ЖІӨ өсу қарқынының нақты мәнде жылына 1%-ға төмендеуіне әкеледі, деп жазады inbusiness.kz ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, 2005 жылы ҚҚС мөлшерлемесі тіпті 1%-ға төмендеген кезде ҚҚС бойынша жалпы түсім ішкі өндірілген тауарлар, импортталатын тауарларға ҚҚС, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС өтеу сомаларын ескере отырып] 143%-ға өсті.

"ҚҚС төмендесе, салық жиналымының артатыны – бүкіл әлемдегі дәлелденген практика. Мұндай әсерді Өзбекстанның тәжірибесінен де көруге болады. 2019 жылдың қазанында Өзбекстан билігі ҚҚС мөлшерлемесін 20 пайыздан 15 пайызға дейін төмендетті. Үш жыл ішінде бюджетке ішкі тауарлаға ҚҚС-тан түсім 2020 жылы 20,5 трлн сумнан 2022 жылы 32,8 трлн сумға дейін өскен. Сол кезеңде импорттан ҚҚС көлемі екі еске өскен", – деді Райымбек Баталов.

Спикер осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан Республикасы ҚҚС мөлшерлемесін 15 пайыздан 12 пайызға дейін азайтқанын айтты. Ал ҚҚС мөлшерлемесін керісінше көтеретін болсақ, Қазақстан Орта Азияда салық режимі қолайлы ел статусынан айрылады. Соның салдарынан ұлттық экономиканың инвестициялық тартымдылығы нашарлайды.

 Бизнесмен, Учет.кз негізін қалаушы Максим Барышев салық салудың әлемдік практикасын мысалға келтірді. Спикердің айтуынша, Қытайда ҚҚС мөлшерлемесі 13%, Қырғызстанда – 12%, Оңтүстік Кореяда – 10%, БАӘ және Канадада 5 пайызды құрайды.

"ҚҚС мөлшерлемесі 10 пайызды құрайтын Оңтүстік Корея мысалы орташа салық жүктемесі қолайлы экономикалық ортаны құруға ықпал ететінін көрсетеді. Бұл шара елді әлемдік аренадағы лидерлердің біріне айналдырды. Қазақстан посткеңестік кеңістік үшін үлгі болуға ұмтыла отырып, осы тәжірибеден сабақ ала алар еді. Рейганның президент болуы кезіндегі АҚШ-тың мысалы да үлгі. Рейган билігінің алғашқы үш жылында салықтар төмендетілген. Осындай ауқымды салық реформасы ұзақ мерзімді экономикалық өсу кезеңін бастап, Америка экономикасына күшті әсер етті", – деп атап өтті Максим Барышев.

Еске салсақ, Ұлттық экономика министрлігі 2025 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексінің бөлігі ретінде ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеруді ұсынған. Осылайша, Министрлік қосымша 2-2,4 трлн теңгеге бюджетті толықтыру мақсатын көздеп отыр. Бұл шара өз кезегінде Ұлттық қор қаражатынан алынатын нысаналы трансфертті алмастырады.

Сонымен қатар, "Атамекен" ҰКП атынан кәсіпкерлер ҚҚС мөлшерлемесін өсіруге қарсы. Олар инвестицияларды ынталандыру және бюджет шығыстарын оңтайландыру арқылы қосымша резервтерді іздеуге шақырады. "Атамекен" ҰКП мамандары мемлекеттік органнан ҚҚС есептеу моделі ұсынылған кезде Ұлттық палата елдегі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бойынша сараптамалық бағалау мен есептеулерді дайындауға әзір екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу